Намаздың дініміздегі орны

      Намаздың дініміздегі орнын білген мұсылман намазын ешқашан тастамайды. Хадис шәрифтерде былай делінген:
 
      «Намаздың діндегі орны – бастың денедегі орны сияқты.» (Табарани)
 
     «Намаз – діннің тірегі. Намаз оқыған адам дінін қуаттандырады, ал оқымаған адам дінін құлатады.» (Бәйһақи)
 
      «Намаз оқыған адам құтылады, ал оқымаған адам өкінеді.» (Табарани)
 
    «Намазды тәрк  етпеңдер! Намазды әдейі тәрк еткен адам Аллаһ және Расулының қамқорлығынан шығады.» (Имам Ахмед)
 
      «Мұсылман намаз оқып жатқанда күнәлары басының үстіне қойылады. Әрбір сәжде еткен сайын күнәлары басынан төгіледі. Намазын бітірген кезде ешбір күнәсі қалмайды.» (Табарани)
 
      «Мүмин Аллаһ разылығы үшін намаз оқыған кезде ағаштан жапырақтары төгілгендей оның күнәлары да төгіледі.» (Имам Ахмед)
 
    «Қияметте құлдан ең бірінші сұралатын ғибадат – намаз. Намазы дұрыс болса, басқа амалдары да қабыл болады. Намазы дұрыс болмаса, ешбір амалы қабыл болмайды.» (Табарани)